6 елді мекенде төтенше жағдай жарияланды.
Қостанай облысында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр
Фото: ТЖД
609
оқылды

Қостанай облысында жағдай әлі де қауіпті. 25 наурыздан бастап даладағы су өңірдің оңтүстігінен, атап айтқанда Арқалық, Амангелді, Жангелді жағынан келді. Ол жақта жағдай қазір тұрақты. Бүгінгі таңда төтенше жағдай 6 елді мекенде жарияланды. Олардың ішінде Қостанай мен Рудный қаласы бар. Бұл туралы Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары Асылбек Садуов ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

Тобыл өзені көтеріліп, үйлерді су басу қаупі бар. Қостанай облысында 328 үй және 406 аула аумағы су астында қалды. Қостанай ауданы мен Рудныйда 7,5 мыңнан астам адам құтқарылды және эвакуацияланды. Оның ішінде 44 бала бар. 

«Жеке құрам мен сырттан келген волонтерлер, әскерилер, Полиция департаментінен 2700-ден астам адам қызмет етіп жатыр. 443 техника, 144 су сорғыш құрал бар. Қостанай облысына Қызылорда облысынан, Қарағанды облысынан, Астана қаласынан 285 адам, 21 техника көмекке келді. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр», – деді Асылбек Садуов.