Су тасқыны салдарынан облыста 1053 тұрғын үй, 46 ғимарат пен құрылыс, 232 аула және 689 саяжай үйі зақымданған.
Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысындағы 6 ауданда төтенше жағдай жарияланды
Фото: astanatv.kz
3,204
оқылды

Ақтөбе облысы бойынша жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай 6 ауданда және Ақтөбе қаласында жарияланды. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев ОКҚ алаңында хабарлады.

Су тасқыны салдарынан облыста 1053 тұрғын үй, 46 ғимарат пен құрылыс, 232 аула және 689 саяжай үйі зақымданған.

«Жол учаскелерінің суға толып, шайылып кетуі нәтижесінде 13 елді мекенмен жол қатынасы үзілген. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қорғаныс министрілігінің инженерлік қызметімен Алматы облысынан жеткізілген уақытша понтон-көпір паркі Ойыл өзенінде орнатылды. Қазіргі таңда 27 елді мекенде 695 абонент тұрақты жарықсыз қалып отыр. Олардың 500-і ток беретін генератормен уақытша қамтылды», – деді спикер.