Анаға – құрмет
Анаға – құрмет
422
оқылды
Nur Otan партиясы Түр­кіс­тан облыстық филиа­лында 8 наурыз – Халықа­ра­лық әйелдер күні мере­ке­сінде облыстың түкпір-түкпірінен түрлі салада же­тістікке жеткен 20-дан ас­там ардақты ана, қыз-ке­ліншектерге құрмет көр­сетілді. Олардың арасында спорт, мә­дениет, медицина, кәсіп­кер­лік, білім, журналистика саласының өкіл­дері және көпбалалы аналар бар. Шарада Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы тө­­рағасының бірінші орынба­сары Бейсенбай Тәжібаев ар­дақ­­ты аналар мен қайсар қыз­­­дары­мыз­дың қоғамды да­мы­­тудағы еңбегі зор екеніне тоқталды.
«Түркістан облысында Nur Otan партиясының 85 мың­нан астам мүшесі бар. Оның елу мың­ға жуығы әйелдер қауымы. Осы­дан-ақ қыз-келіншектердің сая­сат, қо­ғамда белсенді әрі елге жана­шыр екені байқалып тұр. Өз­деріңіз білетіндей, Мем­ле­кет басшысының тіке­лей қол­дауымен Түркістан облысы түр­леніп, Түркістан қаласы гүл­деніп жатыр. Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының «Үй­лер, ғимараттар салына береді. Бі­­рақ біз құрылыспен бірге мә­­­дениетті, білімді көтеруді, дәс­түрді жалғастыруды ойла­уы­­мыз керек» деген сөзі бар. Сіз­дер қоғамның түрлі сала­сын­да елге қызмет етіп, жас ұр­­пақты тәрбиелеп жүрсіздер. Nur Otan партиясы сіздерді қа­был­дауға, мәселелеріңізді ше­шуге көмектесуге, бірлесіп жұ­мыс іс­теуге әрқашан дайын. Партия­ның кадрлық резервіне әйелдер қауы­мын көбейту бағытында да нақ­ты жұмыс жүріп жатыр», – деді Бейсенбай Тәжібаев.
Мерекелік жиында білікті ұстаз, кентаулық Гүлдариға Жұ­ма­­­гел­диева ілтипат білдірген пар­­­тия фи­лиалына алғыс айтып, за­­ман­дас­тарын мерекемен құт­тық­­­тады. Ал партия ардагері, өңірдің да­муына еңбегі сіңген Таскүл Мах­мудова мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларды қолдау­ға, әйелдердің қоғамның сан са­ла­­сында жұмыс істеуіне жағдай жа­са­лып жатқанын жеткізді. Осы күні тоғызқұмалақтан әлем­­нің 9 дүркін чемпионы Әсел Дә­лиева, спортшы Айжан Жыл­қы­­баева, көпбалалы ана Ақ­нұр Берікқараева мен көпба­ла­­лы кә­сіп­кер Бибімария Тұрмаханова және өзге де әйелдерге құрмет көр­­­сетілді. Әсерлі кеште марапатқа ие болған түркістандық ана­лар жетігенмен ән шырқаса, ақ жау­лық­ты әжелер ақ батасын берді.   Тельман БЕЙСЕН, Түркістан облысы