Түркістан облысы Төлеби аудандық мәслихатының төрағасы Нұрлан Қойбағаров су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қолын созып, атсалысып жатқанын айтты.
Бәріміз бір ел, бір халық болып әрекет етуіміз керек –  Нұрлан Қойбағаров
парақшасынан алынды
749
оқылды

– Апат айтып келмейді демекші, бірнеше күннен бері еліміздің көптеген өңірлері су тасқынының астында қалып жатыр. Бұл – бұрын-соңды болмаған үлкен табиғи апаттың бірі. Қаншама отбасының баспанасы жарамсыз күйге түсіп, өздері дүние-мүлкінен айырылуда. Осындай қайғы тартып, жапа шеккендердің халін біліп, су басқан аймақтың ахуалын Мемлекет басшымыз өзі аралап, тұрғындармен кездесіп қайтты. Сонда бәріміз бір ел, бір халық болып әрекет етуіміз керегін айтып, Үкімет тарапынан баршаға қол ұшы берілетінін, материалдық шығын қалпына келтіріліп, әрбір отбасыға қаржылық көмек көрсетілетінін жеткізді. Уәделер орындалып жатыр. 

«Жол азабын жүрген біледі» дегендей, бірнеше жыл бұрын су тасқынының зардабын өз басымыздан өткізген біз – Төлебиліктер, алғашқылардың бірі болып көмек қолын создық. Атқарушы билік әкімдіктермен бірге өкілетті билік мәслихат депутаттары, ерікті жастар, муфтияттың жергілікті өкілдері, қоғам белсенділері, кәсіпкерлер, "AMANAT" партиясының белді мүшелерінің ұйымдасуымен су басқан аймақтарға қажетті заттар мен азық-түлік жолдадық. Мұндай қайырымдылық шара әрі қарай да жалғасын табады. Сондықтан қасіреттің соңы қуаныш болуын тілейміз, – деді Төлеби аудандық мәслихатының төрағасы Нұрлан Қойбағаров.