Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов ауылдың тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тұрғызба ауылының 450 тұрғыны Маңғыстау облысына эвакуацияланды
1,487
оқылды

Жылыой ауданындағы Тұрғызба ауылының тұрғындарын эвакуациялау басталды, – деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.

Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов ауылдың тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.    

– Алдымен әйелдер, балалар, зейнеткерлер және мүмкіндігі шектеулі адамдар көшіріледі. Оларды эвакуациялау үшін ҚТЖ-ның теміржол вагондары мен автокөлік бөлінді. Маңғыстау облысының Ақтау қаласы мен аудандарында эвакуациялық пункттер қарастырылған, – деді Ж.Қаражанов.   

Айта кетейік, Тұрғызба ауылында 3518 адам тұрады. Бүгінгі күнге 450 адам (әйелдер, балалар, зейнеткерлер) көшірілді.

Жалпы, төтенше жағдай жарияланғалы бері Жылыой ауданынан 31 мыңнан астам адам эвакуацияланды. 

Баян Жанұзақова