Су тасқыны кезеңінің басынан бері 76 мыңнан астам адам құтқарылды, оның ішінде 30 мыңға жуық бала бар.
Су тасқыны: еліміздің өңірлеріндегі жағдай баяндалды
846
оқылды

Су тасқыны кезеңінің басынан бері 76 мыңнан астам адам құтқарылды, оның ішінде 30 мыңға жуық бала бар. Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Сайпаш Ерасыл мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Уақытша орналастыру пункттерінде 7703 адам, оның ішінде 3266 бала бар. ТЖМ, Қорғаныс министрлігі және Ұлттық ұланның әуе кемелерімен құтқару жұмыстары жалғасуда.

Оның айтуынша, 7,8 млн текше метрден астам қар суы тартылып, 1,09 мың қапшық және 996,1 мың тонна инертті материал төселген. Авариялық-құтқару жұмыстарына 16 мыңға жуық адам және 3 мыңнан астам техника, 6 әуе кемесі жұмылдырылды.

«Қазіргі уақытта 3 412 жеке тұрғын үй, 421 аула аумағы және 7 облыста 1926 саяжай үйі су астында қалып отыр. Бұл Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында», – деп баяндады Сайпаш Ерасыл.