Әнші үш жыл жүргізген көлігін сыйлады.
Бағлан Әбдірайымов екі аяғынан айырылған көпбалалы әкеге көлігін сыйға тартты
7,747
оқылды

«Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы әкеге өзінің көлігін сыйға тартты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әнші көлігін екі аяғынан айырылған Нұржан есімді азаматқа берді.

«Өздеріңіз жақсы білетін, үш жылдан бері қызмет еткен көлігімді біреуге себепсізден-себепсіз, бір жігітке тарту етемін деген шешімге келдім. Мұны сатып, өз қажетіме жаратсам да болатын еді. Бірақ біреуге себепсіз сыйлағым келіп отыр. Әкеме жаңа көлік әпере алмадым. 29 наурыз туған күніне енді сыйлаймыз дегенде әкеміз бақилық болып, үлгермей қалдық. Сол жасамаған жақсылықты өзгелерге сыйлағым келді. Осы көлікті өзіңізге сыйлаймын. Әкеме деген «әттеген-ай» деген көңілім осымен жазылса екен. Сіздің де көңіліңіз көтерілсін. Алла разылығы үшін!», – деп жазды өнер иесі.