Резеңке бұйымдардың жоғары температурада жануы өрт сөндіру ісін қиындатып жатыр.
Астанадағы қоймада резеңке бұйымдар өртеніп жатыр
Фото: ТЖМ
1,599
оқылды

Астанада қоймадағы резеңке бұйымдар өртеніп жатыр. 

Өрт аумағы шамамен 1 000 шаршы метр.

«Сарыарқа ауданында қоймадағы резеңке бұйымдар өртенді. Өрт аумағы шамамен 1 000 шаршы метр. Өртті сөндіру резеңке бұйымдардың жоғары температурада жануы қиындатып жатыр. Қазіргі уақытта Астана қаласы ТЖД жеке құрамның 61 адамы және 15-ке жуық техникасы жоғары дәрежелі шақыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.