«АMANAT» партиясы Ас­тана қалалық филиалының қызметкерлері мәслихат де­­путаттарымен, әкімдік өкіл­­дері және бастауыш пар­­тия ұйымдарының мү­ше­лерімен бірлесіп, су тас­қы­нынан зардап шеккен Батыс Қазақстан және Ақ­төбе облыстарының тұрғын­да­рына жинаған 100 тонна гуманитарлық көмек тиісті жерге жетті.
Ақтөбе қаласына гуманитарлық көмек келді
846
оқылды

«АMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Ербол Данағұлов су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қол ұшын созған елордалықтарға алғысын айтты.

«Сүрінгенге сүйеу, қиналғанға демеу болу – негізінен қазақтың қанында бар қасиет. Қолда барын бөлісіп, бір-біріне қамқор, тілеу­лес болған ұлтымыздың ұлылығы да осында. Сын сағатта бірлесе әрекет етіп, тасқынға тосқын жасап жатырмыз. Қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейі­лін танытып жатқан Астана тұр­ғындарына, «АMANAT» пар­тия­сы Астана қалалық филиалына алғысымыз шексіз. Бірліктің ар­қа­сында бұл қиындықты да еңсереміз», – деді Ербол Данағұлов. 

Партияның Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбектің айтуын­ша, астаналықтар игі істе ерекше белсенділік танытып, партияға тәулік бойы азық-түлік пен киім-кешек жеткізген. Жылу жинау жұмысына депутаттар мен кә­сіпкерлер де атсалысқан.  

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе өңіріне Маңғыстау, Аты­рау, Түркістан, Қызылорда об­лыс­тары мен Шымкент қаласы­нан гуманитарлық көмек жетті.