Түркістан облысының ау­дан, қалаларынан жинақ­тал­ған гуманитарлық кө­мекті «Жастар ресурстық ор­талығында» құрылған штаб үйлестіріп, әр өңірге жөнелтіп жатыр.
Түркістан облысының ау­дан, қалаларынан жинақ­тал­ған гуманитарлық кө­мек әр өңірге жөнелтіп жатыр
838
оқылды

 Волон­тер­лер мен белсенді жастар және  «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиа­лы­ның жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері ел аманаттаған 30 тоннаға жуық көмекті жүк көлігіне тиеп үлгерген.  

Түркістан облысының жұрт­шылығы республиканың бір­қатар өңірінде болған табиғи апатты зор күйзеліспен қабыл­дауда. Осыдан екі жыл бұрын Мақтаарал ауданында болған тасқын судан келген қауіпті халық әлі ұмыта қойған жоқ. Сол кезде жерлестеріміздің басына түскен қиындықты бүкіл ел бо­лып көтеріп, бірімізге біріміз сүйеніш бола білдік. Арқадағы ағайынның үйін су шайып, ауыл­дары топан судың астында қал­ғанда, оңтүстік өңірінің жұртшы­лығы қиындықта қалған азамат­тарымызға көмек қолын созуға асықты. Қоғам белсенділерінің, еріктілер ұйымдарының баста­ма­сымен облыстың 17 аудан, қа­ла­сында, гуманитарылық көмек жинау бекеттері ашылып, жана­шырлық танытқан барлық азамат киім-кешекті, көрпе-төсекті, тұр­мысқа қажетті заттарды, азық-түлік тауарын әкеп тап­сыруда. 

Мақтаарал ауданының тұр­ғыны, аудандық мәслихаттың депутаты, «AMANAT» партиясы­ның фракция мүшесі Қанат Мырзахметов топан судың ауыл­дарды басып кеткенін естіген бойда дереу жиналмалы қайығын алып, адамдарды, мал-мүлікті құтқаруға жәрдемші болар құрал-саймандарын жинастырып, бір түн ішінде қиындыққа тап болған ақтөбелік ағайындардың арасы­нан табылуға жолға шыққан. Бүгінде сол төтенше жағдай бол­ған аймақтағы құтқару жұмыс­та­рына белсене араласуда. Қала іргесіндегі су қоймасы маңын­дағы және осы аймақтағы Елек пен Қарғалы өзені жағалаула­рындағы үйлерді су ағынынан сақтау, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру, малдың суға ағып кетпеуін ұйымдастыру жұмыс­тарында азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерімен бірлесе жұмыстар атқару үстінде. Тасқын судың зардабына тап болған Ойыл елді мекенінің тұрғындарына көмек көрсетуге ұмтылды. Су астында тұрған, құлауы мүмкін үйлерге азамат­тар­дың кірмеуін ескертіп, тұр­ғындарға қолдан келер көмегін ұсынуда. Ол қиындықта қалған ағайынның жанынан табылып, қолдауын көрсетуді ерлік деп емес, азаматтық борышым деп біледі.

Ал түркістандық «АМANAT» пар­тиясының өкілдері бауыр­лас­тығымыздың бүтіндігі сипатында Ақтөбе облысындағы су басып қалған ауылдардың бірі – Ақтөбе облысы Шығанақ Берсиев елді мекенінің тұрғындарын бір ай бойы ас атасы –  нанмен тегін қамтуды мойнына алды.

Сонымен бірге Сарыағаш ау­данындағы «Бибі ана» шипа­жайының иесі ТікТок желісінде өзін Ғазиз Шопанов деп таныс­тырып, су тасқынынан зардап шеккендерді уақытша баспана­мен қамтуға дайын екенін мә­лім­деді. Кәсіпкер өзінің иелігіндегі сауықтыру орнына 100 адамды орналастырмақ.