«AMANAT» партиясының өкілдері елдің басына қиын­шылық туғанда әрдайым халықпен бірге болуда. Ай­тып келмес апат елді әбден әбігерге түсіргені рас.
Әрқашан елмен бірге!
779
оқылды

Мем­лекет басшысы су тасқы­нына қарсы жұмыста төтен­ше жағдай қызметі мен жер­гілікті атқарушы орган­дар ғана емес, қоғамдық бірлестіктер және бизнес өкілдерін де көмек қолын созуға шақырғаны белгілі. 

Су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды. Оның ішінде Ақмола облысы да бар. Өңірімізде қазір су тасқынына байланысты ахуал тұрақсыз. Тілсіз жаумен күресте  «AMANAT» фракциясы­ның депу­тат­тары да қарап қал­мауда. Мәселен, «AMANAT» пар­тия­сының мүшесі Ақмола об­лыстық мәслихатының депута­ты Умар Шоназаров су басқан ау­дандарға 40 мың дана қап таратып, ерік­тілерге резеңке етік, эвакуациа­ланған тұрғындарға азық-түлік пен ең қажетті заттар алып берді. Облыстық мәслихат депутаты Ғалымхан Саханов Атбасар ауданы бойынша су тасқынына қарсы іс шараларға 5 миллион теңге қаражат бөліп, сумен күре­сіп жүрген төтенше жағдай қыз­меткерлеріне 2 қой сойып, ыстық тамақпен қам­тамасыз етуде.  

Облыстық мәслихат депу­таттары Ыбырай Дуанбай мен Құралай Жұмабекова Көкшетау қаласындағы Элеватор мен теміржол ықшамауданында суда қалған тұрғындарға ыстық тамақ ұйымдастырды. 

Аршалы ауданындағы Жібек Жолы ауылының іргесін бекіту үшін Ақмола облыстық мәсли­хатының депутаты, кәсіпкер, меценат Руслан Шәмкенов 1 миллион теңгеге арнайы тех­ника жалдап, Нұра өзенінің іргесін бекітсе, ал облыстық мәс­лихат депутаттары Алмаз Мұхаме­дияев, Клара Мендібаева, Тимур Пшенов,  Абай Жорабек, Владимир Камышанский өз округтеріндегі су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді ат салысып, арнайы техникамен ауыл аймақтардың қарын таза­лап, ауылдардың іргесін қиыр­шық таспен бекітті. 

Ал Қосшы қаласы мен Тай­төбе ауылында судан қорғанысты күшейту, нығайту жұмыстарына Акмола облыстық мәслихатының депутаты, «АМАNАТ» партиясы Қосшы қа­ла­лық филиалының партиялық Бақылау комис­сия­сының төра­ғасы Айдын Төребаев өз атынан  екі ауыр техниканы көмекке ұсынып, қиыршық тас төсеп, ауыл іргесін бекемдеуге қатысты­руда. Депутаттың өзі осы жұмыс­тардың басы қасында жүр.  

Ал Көкшетау қалалық мәс­лихатының төрағасы Дастан Әкімов бастаған халық қалаулы­лары эвакуациаланған тұрғындар үшін күнделікті ыстық тамақ, жататын орынмен гигиеналық заттар алып беріп,  жалпы сомасы 4 жарым миллион теңгенің кө­мегін көрсетті. 

Аудандық мәслихаттардағы  «AMANAT» фракциясының депутаттары да 10 миллион тең­геден астам қаржылай көмек көрсетті. Атап айтқанда, Бурабай аудан­дық мәслихатының депутаты Талғат Жапаров арнайы техникамен барып, Кенесары ау­лының көшесіне арық қаз­дырып, су жолдарын тазартып, ауылдың іргесін бекітті. 

Аманаттықтар қашанда елмен бірге. Жағдай тұрақтан­ғанша, қайырымдылық көмек жалғаса бермек.