Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фрак­ция­­сының мүшесі Әділ Жұба­нов Атырау облысы Махамбет ауданында елді мекендерді су тасқынынан қорғау бөгеттерінің жай-күйін бақылауға алып, қа­жетті көмек жұмыстарын ұйымдастыруда.
Депутат елу мың қап жеткізді
838
оқылды

Атап айтсақ, депутат ауданға қажет 10 арнайы техника, 50 000 қап жеткізді. Аталған ауданға қарасты 17 елді мекен Жайық өзені бойында орналасқан. Ал су тасқынына қорғау бөгеттерінің жалпы ұзындығы 100 шақырымға жуықтайды.

Бүгінде депутат Атырау қа­ласы Алмалы ауылының іргесінде салынып жатқан су тасқынынан қорғау бөгетінің құрылысына атсалысуда. Оның жалпы ұзын­дығы – 7 шақырым, биіктігі – 3 метр. 

Сонымен қатар депутат Әділ Жұбанов облыстық штаб оты­рысында су тасқынының алдын алу жұмысымен және қаладағы судан қорғану бөгеттерінің жай-күйімен, төтенше жағдайдағы іс-қимыл алгоритмімен танысты.

Бүгінде өңірдегі құрылыс және ірі мұнай компаниялары об­лыстық штабтың ұйымдас­тыруы­мен жағалауларды бекітуге, қорғаныс дамбаларын тұрғызуға жұмылдырылып, қажетті ма­териалдар резерві, эвакуациялау пункттері дайындалып, инертті заттар жинақталды.

Облыстағы Қызылқоға ау­даны Миялы, Жангелдин, Көз­діқара ауылдық округтерінде, Аққора, Жасқайрат ауылдарында қауіп сейілді. Тайсойған, Тас­шағыл, Қарабау ауылдарында жағдай тұрақталды.

Бүгінде Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласындағы ахуал – күрделі. Қалаға қарасты «Жадырасын–2», «Болашақ», «Вахталық кент» шағынау­дан­дарын, «Қарағай» елді мекендерін су басып қалды. Су жайылған 2 600-ден астам жеке тұрғын үйден 16 мыңға жуық адам эва­куа­ция­ланды.

Өңірден сайланған депутаттар қауіп сейіліп, жағдай тұрақтал­ғанға дейін аймақтарда болмақ.