Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 
Батыс Қазақстанда тұрғындарды алдын ала эвакуациялау жұмыстары жалғасуда
1,347
оқылды

Батыс Қазақстан облысында су тасқынына байланысты алдын ала эвакуация жұмыстары жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

– Өзендерде су деңгейінің көтерілуіне байланысты қала маңында орналасқан «1 саяжай» және  «2 саяжай» бау-бақша серіктестіктеріндегі тұрғын үйлерді су басу қаупі туындаған. Осыған байланысты, Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен тұрғындарға бірнеше күн бойы ескерту парақшалары таратылып, хабарламалар берілген болатын, – делінген ТЖМ таратқан ақпаратта.

Кейбір тұрғындар эвакуациялық пункттерге немесе туыстарына орналастырылған.