Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов штаб отырысында мәлімдеді. 
«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы су тасқынымен күрес жұмыстарына 15 миллиард теңге бөледі
Фото: sk.kz
645
оқылды

«Самұрық Қазына» әл-ауқат қорының корпоративтік орталығына «ҚазМұнайГаз», «Қазатомөнеркәсіп», «Қазақстан темір жолы», «Қазақгаз»,  KEGOC АҚ , «Қазақтелеком»,  Air Astana және «Самұрық-Энерго» компаниялары қаржы бөлді. Қаражат Samruk-Kazyna Trust  бірыңғай қайырымдылық операторы арқылы жіберіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Қор табиғи апаттан зардап шеккен өңірлерге 15 млрд теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов штаб отырысында мәлімдеді. 

«Төтенше жағдайда қызметкерлердің қауіпсіздігі мен жабдықтың тұтастығын қамтамасыз ету – портфельдік компаниялардың алдында тұрған басым міндеттердің бірі. Қазір төтенше жағдайдың алдын алу үшін күштерді жандандыру қажет. Осы орайда қауіптің алдын алу жұмыстарын, сондай-ақ зардап шеккен өндірістік объектілердің жұмысын штаттық режимге келтіру жөніндегі іс-шараларды жалғастыру қажет», – деді Нұрлан Жақыпов.

Су тасқынының алғашқы күнінен бастап қордың еншілес және тәуелді ұйымдарының ерікті авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Олар Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелеріне және жергілікті атқарушы органдарға көмек көрсетуде.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, су тасқынына қарсы шараларға 500-ден астам қызметкер жұмылдырылған, 160-тан астам техника мен жабдық, сондай-ақ 80 тонна дизель, 22 тонна бензин бөлінген.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы 45 пойыз дайындады. Су тасқынынан зардап шеккен барлық өңірлерде су айдауды жүзеге асыратын 47 өрт сөндіру пойызының кезекшілігі ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚТЖ басшысы Нұрлан Сауранбаев мәлім етті.

Сондай-ақ пойыздар азаматтарды эвакуациялауға тартылды, 8 сәуір күні таңертең Атырау облысында пойыздарды ҚТЖ қаражаты есебінен 5 мыңға жуық қазақстандық тасымалданды.

«QazaqGaz» ұлттық компаниясы авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 750 адам жұмылдырды, су тасқынына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстарға 135 техника бөлінді, су басу өңірлерінде волонтерлер тобы құрылды.

 KEGOC АҚ электр беру желілерін, ғимараттар мен құрылыстарды еріген судың әсерінен қорғау шараларын қабылдады.

«Сонымен қатар су басуы мүмкін әуе желілеріне бақылау ұйымдастырды, электр желілерінде авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін бригадалар ұйымдастырылды», – деді Нәби Айтжанов.

«Қазақтелеком» АҚ-да телекоммуникация құралдарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін компанияның техникалық блогы жедел штабтар құрды. Бөлімшелер арасында байланыс орталықтары ұйымдастырылып, авариялық-қалпына келтіру байланыс командалары құрылды. Қызметкерлер су тасқыны салдарынан зақымданған жабдықтар ақауын тез арада жояды.

Қор тобының қызметкерлері зардап шеккен отбасыларға азық-түлік, тұрмыстық заттар және басқа да көмек көрсетіп жатыр.

Нұрлан Жақыпов су тасқыны жағдайы туралы тәулігіне бірнеше рет хабарлауды және мәселені бақылауда ұстауды тапсырды, сондай-ақ апат зардаптарын жоюға тартылған барлық топ қызметкерлеріне алғысын білдірді.