Су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай көмек те көрсетілуде.
«АМАNAT»: Жетісу облысында 85 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды
1,139
оқылды

Кеше Жетісу облысынан су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберілді. Нақты  айтқанда, жалпы сомасы 40 миллион теңге болатын 85 тонна азық-түлік, киім-кешек және тұрмысқа қажетті заттар жөнелтілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай көмек те көрсетілуде. Мәселен, кәсіпкерлер ақшалай демеушілік жасаса, мемлекеттік қызметкерлер біркүндік еңбекақысын арнайы есепшоттарға аударған. Жиналған қаражаттың жалпы сомасы 150 миллион теңге болды. Сондай-ақ алдағы уақытта құрылыс жұмыстарына қажетті 1 000 тонна цемент жіберіледі. 

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші жетісулық жерлестеріміз табиғи апаттың құрсауында қалған отандастарға қажетті заттарды жинап, ерекше белсенділік танытты. Үш жүк көлігі Батыс Қазақстан облысына жөнелтілді», – деді «АМАNAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Арын.

Еске салсақ, «AMANAT» партиясының өңірдегі филиалдарында және «Жетісу жастары» ғимаратында жалпы саны 10 қабылдау пункті ашылған.