Қазір қылмыскерлер қамауға алынды.
Халықаралық іздеуде жүрген қытайлықтар Қазақстанда ұсталды
Фото: polisia.kz
3,326
оқылды

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Интерпол Ұлттық орталық бюросы криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, Алматы әуежайында халықаралық іздеуде жүрген ҚХР азаматтарын ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұсталғандардың бірін Қытайдың құқық қорғау органдары іздестірген. Ол Харбин қаласы Даоли ауданының базарында 100-ден астам сатушыдан ақша бопсалаған. Қылмыскер Вьетнамнан шығып, Қазақстанға Қатар арқылы кірмек болған.

Ал екінші ер адамға Сауд Арабиясының құқық қорғау органдары Эр-Рияд қаласындағы әйгілі дүкендерден аса ірі мөлшерде зергерлік бұйымдарды ұрлағаны үшін іздеу жариялаған. Келтірілген шығын 200 мың АҚШ долларынан асады.

Қазір қылмыскерлер қамауға алынды. Оларды экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.