Ширек ғасыр толқыны
Ширек ғасыр толқыны
735
оқылды
Ел аумағында жылдам хабар тарату ісінде радионың да үле­сі мол. Бір ғасырдан астам уақыт адамзаттың қуанышы мен қасіретін бө­ліскен осы құрылғыны 1896 жылы ұлы өнертапқыш А.Попов жасап шығарған екен. Франциядағы әйгілі Эйфель мұнара­сы­на да радио антенналары орнатылуы себепті демонтаж жасал­май, қазір кереметтердің қатарында тұр. 1917 жылы Қазан төң­ке­рісі радиодан хабарланған тұңғыш саяси оқиға болды. Содан бері радио қай сала болмасын, ақпарат таратудан тыс қал­май, маңызын әлі күнге жоғалтқан жоқ. Биыл – «Нұр-Медиа» холдин­гі­нің құрамына кіретін N-S радио­сы­ның 25 жылдығы. Ширек ғасыр бойы тыңдарман үшін тынбай ең­бектеніп келе жатқан радио ұжы­мы жайлы сөз қозғап, N-S ра­дио­сының жүргізушісі Эльмира Жола­мановамен сұхбаттасқан едік. Радио мерейтойымен қатар келіп тұрған халықаралық әйелдер күні қарсаңында Эльмираның қызметі жайында әңгіме өрбіттік. – ХХ ғасырда радио адамзаттың ақпарат алудағы ең маңызды құра­лы болды. Әлеуметтік желі ба­сым­­дық­қа ие ХХІ ғасырда радио жұрт­шы­лық үшін тиімді ме? – Инновациялық техноло­гия­ның дамыған заманында ғалам­тор­дың көш бастап тұрғаны айдан анық. Дегенмен радионың маңызы жоғалмайды деп ойлаймын. Теле­­дидарды «көк жәшік» деп ата­сақ, радионы «сырлы сандық» деп атар едім. Радиодағы түрлі бағ­дар­ла­малар арқылы тың­дар­мандар хат жолдап, өз ойын талқыға сала алады. Бұқаралық ақпарат құ­рал­­дары ішінде радио ақпарат та­рату жылдамдығы жағынан бас­қа­лар­­дан еш қалыспайды. Радиоға ақ­­паратты дер кезінде шығару оңайы­рақ. Ұтымды тұсы – осы. Ра­диомыз басқа толқындарға қа­ра­­ғанда маңызды ақпараттарды 5 минутқа ерте бере алады. Осы­дан-ақ біздің толқынның сапа­лы қызметін аңғаруға болады. – N-S радиосы өз тыңдарманда­рын қалай біріктірді? – Жалпы, әр бағдарлама, әр жүр­­гізуші өз тыңдарманын та­бады. Радиодағы тікелей эфир біз бен тыңдарман арасындағы ал­тын көпір іспетті. Тікелей эфир­ге қоңырау шалғанда бір-бірі­міз­ді көре алмауымыз мүмкін, алай­да сөй­леп, ести аламыз, сыр шер­ті­се­міз. Радио арқылы кей тың­дар­­манымыз сырлас досқа, жақын адамға айналған кездер де бар. Бағдарлама арқылы түр­лі ойын ойнатып, сыйлық беру дәстүрі де бар. Мұның бәрі күн­делікті күйбеңнен шаршап жүр­ген жан­дарды сергітіп, қоғам бай­ла­ны­сын нығайту үшін жасалады. – N-S радиосы мемлекеттік және ресми тілде қатар хабар тара­тады. Мемлекеттік тілдің ақпа­рат­­­­тағы үлесін арттыру үшін бұл қа­­дам­ға радио 2007 жылы барған бола­­тын. Осы жоспар қаншалықты орын­­далып жатыр? – Бұл мәселе өте маңызды. Ұлт­тық желі болғаннан кейін мем­лекеттік тілде хабар тарат­қа­­­нымыз абзал. Қазақ тілінде ха­­бар та­ратқанымызды тыңдар­ман­­ да қалайды. Әуелі тың­дар­ман пікі­ріне назар аударған жөн. Се­бебі біздің толқын жаңа­­шыл­­­дық­қа бағытталған. Радио жос­­па­рына мемлекеттік тілді да­мыту ен­гізілген. Соның негі­зін­­де пай­да­лы дерек тарату, қа­­тесіз мә­тіндегі музыка қосу қа­рас­­ты­рыл­ған. – Музыка демекші, N-S тол­қы­ны көпшілікке музыкалық бағ­дар­ламалар арқылы танымал. Ән­­дерді ұсынар алдында нені ескересіздер? – Радиомыз түрлі жастағы тың­­дарманға сай музыкаларды ұсынады. Яғни, тал­­ғамға сәйкес. Ретро әндерден бас­тап заманауи ырғақтарға де­йін көңіл бөлінеді. Отандық жұл­­дыз­дар­дан бөлек, енді ғана та­­ны­лып келе жатқан жас орын­дау­шыларға мүм­кіндік бергенді қа­­лаймыз. Әри­не, сапасы мен фор­­маты жағы­нан сай келіп тұрса ғана. – Әр істің қиыншылықсыз атқа­рыл­масы белгілі, радиоға алғаш кел­­ген кезіңізді айтсаңыз? – Кез келген істі меңгеріп ке­ту­ге уа­қыт керегі белгілі. Ең қиын сәт – тәжірибе уақыты. Жер бетінде осы жұмысыңнан ас­­­қан қиын жұмыс жоқ секілді көрінеді. Жұмыстың сы­рын толық түйсінген соң, кері­сін­­ше ең оңай жұмыс екенін ұғы­на­­сың. Маған N-S радиосы өте ыс­­тық. Себебі ең алғаш радио жүр­­гізушісі ретінде өмір жолымды осында бастадым. Көп журналист радиодан телеарнаға ауысқысы келсе, мен керісінше «Хабар» теле­­ар­насынан N-S радиосына ауыс­тым. Жұмысымды жақсы көремін. Жа­сыратыны жоқ, кезінде тегін жұмыс істеген кез де болды, бір­ақ сүйікті ісімді басқа қызметке айыр­бастай алмадым. Қиындық ту­дырған тағы бір нәрсе – техни­ка­ны меңгеру болды. Уақыт өте келе оны да меңгердік. Адам сүйік­ті жұмысын істесе, хоббимен айна­лысып жүргендей сезінеді. Сон­дық­тан менің жұмысым – менің хоббиім. – Әңгімеңізге рақмет!   Сұхбаттасқан Мадияр ТӨЛЕУ