Елордада жүзеге асырылып жатқан JOLTAP ауқымды жобасының арқасында қала тұрғындары жұмыс тауып, қаржылық жағдайын жақсартып, жаңа мамандық ала алады.
Астанада жаңа оқыту курсы басталды
Фото: gov.kz
1,353
оқылды

JOLTAP ауқымды жобасы аясында елордада «Кілттерді дайындау және оқытуды жөндеу» атты жаңа оқыту курсы басталды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Астана әкімдігінің ресми сайты жазғандай, курс аясында аяқкиімді жөндеу және қалпына келтіру, кілттерді дайындау сервисі, аяқкиімді тазалау және құрғақ тазалау бағыттары бойынша оқыту бағдарламасы әзірленді.

Естеріңізге сала кетейік, елордада жүзеге асырылып жатқан JOLTAP ауқымды жобасының арқасында қала тұрғындары жұмыс тауып, қаржылық жағдайын жақсартып, жаңа мамандық ала алады. Жоба аясында 2 мыңнан астам жұмыссыз астаналық қысқамерзімді тегін курстардан өтті.

Joltap модульдік нүктелерінің мекенжайлары:

- "Мечта" СҮ, Сығанақ көшесі, 3б;

- "Asia Park" СОО, Қабанбай батыр даңғылы, 21а;

- "Рахмет" СҮ, Н. Тілендиев даңғылы, 15 және Б. Момышұлы даңғылы;

- "Встреча" СҮ, Абылай хан даңғылы, 31а;

- "Тұлпар" СҮ, Ш.Уәлиханов көшесі, 24в;

- "Euromall" СО, Қосшығұлұлы көшесі, 23;

- "Жастар" сарайы, Республика даңғылы, 34б;

- "Ailand" СОО, Қорғалжын тасжолы, 2/1а;

- "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы, Бейбітшілік көшесі, 14;

- Еңбек ұтқырлығы орталығы, Бейбітшілік көшесі, 9;

- "Алматы" ІҮ, Иманов көшесі, 19;

- "Әлем" СО, Бөгенбай батыр даңғылы, 62.