Тек еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарында 12-13 сәуірде түнгі уақытта ауа температурасы 1-13 аязға дейін төмендейді деп күтілуде.
13 градус аяз, қар, жел: 11-13 сәуірге ауа райы болжамы жарияланды
Фото: AFP / Bulent Kilic
16,364
оқылды

"Қазгидромет" РМК 11-13 сәуірге ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Республика аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады, осыған байланысты түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр күтіледі, 11-12 сәуірде еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, күндіз батыста, оңтүстік аймақтарда найзағай, орталықта, шығыста және оңтүстік-шығыста екпінді жел күтіледі.

Республика аумағының көп бөлігінде температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар болжанбайды. Тек еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарында 12-13 сәуірде түнгі уақытта ауа температурасы 1-13 аязға дейін төмендейді деп күтілуде.