Прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.
Гүлмира Сатыбалдыға жаңадан айыптар тағылып, тергеу жүргізілді – Антикор
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy
1,421
оқылды

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты жаңадан айыптар тағылып, тергеу амалдары аяқталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының көмекшісі, ресми өкіл Данияр Бигайдаров мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Күдікті Гүлмира Сатыбалды мен басқа да адамдарға қатысты бас бостандығынан заңсыз айыру, аса ірі мөлшерде қаржы бопсалау, ауыр зардаптарға әкеп соққан өзін-өзі басқару фактілері бойынша тергеу аяқталды. Алматы қаласының тергеу соты күдіктіні қамауда ұстау санкциясын тағайындалды. Қазір қылмыстық процеске қатысушылар іс материалдарымен танысуда, содан кейін ол сотқа жіберіледі», – деді Данияр Бигайдаров агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, Гүлмира Сатыбалды кәсіпорындардың қатысу үлесін заңсыз иемдену, соның ішінде адам ұрлаумен ұштасқан екі факті бойынша тергеуге алынған еді. Жәбірленушіге келген залал сомасы – 6,6 млрд теңгеден асады.

Сондай-ақ, Гүлмира Сатыбалдының сотқа дейінгі тергеу кезінде шекара асып кетпек болғаны белгілі болды.

Ол сотта айыбын ішінара ғана мойындады.

Айта кетсек, прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.