Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте айтылды.
Астанада Мемлекеттік кірістер департаменті аудит бөлімі басшысының үйінен 129,4 миллион теңге тәркіленді
Фото: freepik.com
774
оқылды

Астана қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының ҚҚС (қосылған құн салығы) аудит бөлімінің басшысы ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте айтылды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралардың нәтижелері бойынша ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Астана қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының ҚҚС (қосылған құн салығы) аудит бөлімінің басшысын ұстады. Ол 36 млн теңге сомасында ҚҚС қайтару бойынша оң шешім қабылдағаны үшін кәсіпкерлік субъектісінен 3,6 млн теңге сомасында пара алған», – деді Антикордың ресми өкілі Данияр Бигайдаров агенттікте өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, тінту барысында оның үйінен 129,4 млн теңге тәркіленіп, тексеріліп жатыр.

«Күдікті соттың санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», – деді ол.