Бокстан Астанада өтіп жатқан спаррингтік турнирде 54 келі салмақта лицензиялық жарысқа қатысатын боксшы анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 54 келі салмақтағы финалдық жекпе-жекте Ұлжан Сәрсенбек пен Сымбат Әлиасқар кездескен.
Жекпе-жекте төрешілердің бірауыз шешімімен Ұлжан Сәрсенбек жеңіске жетті.
Осылайша, жас боксшы Таиландта өтетін Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысу мүмкіндігін иеленді.