Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фрак­ция­сының мүшелері су бас­қан аймақтарды ара­лауды жалғастыруда.
Тұрғындардың өтініш-тілегі орындалды
865
оқылды

Ақтөбе облысында жүрген депутат Қазыбек Әлішев Құмсай ауылының тұрғындарымен жүздесіп, жұртшылықтың талап-тілегінің орындалу барысын назарға алды. 

Аталған ауылда 39 үйді, 1 шаруа қожалығы мен 1 кәсіп­кер­лік нысанды толығымен су басып қалған. Ең өкініштісі сол, тізімдегі  39 үйдің 27-сі тұруға мүлде жарамсыз күйге түскен. Депутат бұған дейін тұрғын­дармен кездескен кезде азамат­тар төрт түлігін тастап кете ал­май­­тынын айтып, жаңа үй са­лын­ғанша паналай тұруға бо­ла­тын жылы вагондар сұраған еді. Тұрғындардың бұл өтініш-тілегі орындалып, вагондар жеткізіліп жатыр.  Вагондар тиісті жерге қойыл­ғаннан кейін оны дереу электр желісіне қосу жұмыстары жүргізілген. 

«Қызыл судың зардабы ха­лыққа оңай тиіп жатқан жоқ. Де­генмен барынша жағдай жа­салып жатыр. Құмсай ауылының тұр­ғындары жылы вагондармен қам­тамасыз етілді. Жағдай то­лық тұрақталғанға дейін ауыл тұр­ғын­дарының қасында бола­мыз. Зардап шеккен әр тұрғын­ның шығыны толық өтелуін қадағалаймыз», – деді Қазыбек Әлішев. 

Сондай-ақ депутат пар­тияның жергілікті филиалымен бірге аталған ауыл тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетіп, киім-кешек, төсек-орын мен тұр­мыстық қажетті бұйым­дар­дың жеткізілуін қадағалау үстінде.