«AMANAT» партиясы су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысы Құлсары қаласында апат салдарын жою, қалпына келтіру, тұр­ғындарға гуманитарлық кө­мек көрсету жұмысын жал­ғас­тыруда.
Волонтерлер қатары артып келеді
773
оқылды

Мәселен, Жамбыл облы­сындағы партиялықтар қызыл сумен арпалысып жатқан Атырау облысының тұрғындарына гу­манитарлық көмек жолдады. Яғни, су сорғы құралдары, қайық­тар, резеңке етіктер, көр­пе­лер, гигиеналық заттар мен азық-түлік өнімдері тиелген екі жүк көлігі жолға шықты. 

«Гуманитарлық көмек қа­был­дау пункттеріне жергілікті ат­қарушы органдардың қол­дауы­мен партия белсенділері, этно-мәдени бірлестіктердің өкіл­дері, депутаттар және кә­сіпкерлер азық-түлік, тұрмыстық техника, құрал-сайман жинауға өз үлес­терін қосуда. Сондай-ақ өңір тұрғындары да игі шарадан шет қалмай, қолдан келгенше көмек көрсетуде. Мәселен, ама­нат­тықтар құны 15 млн теңгені құ­райтын 20 тонна гуманитарлық көмек жөнелтуге өз үлесін қос­ты. Сәтін салса, жамбылдықтар жіберген көмек зардап шеккен тұрғындарға жеткізіледі», – деді «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төра­ғасы Дауыл Бейсенқұлов. 

Өңір тұрғындары жалпы со­масы 40 млн теңгені құрайтын 70 тонна гуманитарлық көмек жіберіп отыр. Тағы бір айта ке­тетіні, қосымша 30 тонна гума­ни­тарлық көмек ұшақпен Аты­рау облысына келіп жетті. 

Biz Birgemiz қоғамдық қо­рының қолдауымен ұйым­дас­тырылған гуманитарлық көмекті «Жастар Рухы» мен Қазақстан студенттері альянсы волонтер­лері қабылдап алып, тиісті пункт­терге жеткізуде. Сондай-ақ волон­­­терлер қата­рына бел­сінді жастармен қоса, блогерлер, жас журналистер де қосылып отыр.