Су тасқыны басталғалы бері Азаматтық қорғаныс қызметтері 97 071 адамды, оның ішінде 32 735 баланы қауіпсіз жерлерге жеткізді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш баяндады.
Жайықтың деңгейі – бақылауда
681
оқылды

Уақытша орналасу пунктеріне 7 606 адам, оның ішінде 3 728 бала орналасты.

«Төтенше жағдайлар, Қорғаныс ми­нистр­лігі және Ұлттық ұланның әуе ке­мелері құтқару жұмыстарын жалғас­тыру­да. Қостанай, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақ­төбе облыстарына автокөлікпен 893 500 келі гуманитарлық көмек көрсетілді. Сон­дай-ақ әуе кемелерімен Батыс Қазақ­стан, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Қар­а­ған­­ды және Абай облыстарына 177 635 ке­­лі гуманитарлық көмек жеткізілді», – деді Е.Сайпаш Орталық коммуни­ка­ция­лар қызметінде өткен баспасөз мәсли­ха­тын­да.

Авариялық-құтқару жұмыстарында 25 мыңға жуық адам және 3 мыңнан ас­там техника, 15 әуе кемелері жұмыл­ды­рыл­ды.

«Шекаралас мемлекеттердің аумақ­тары­нан су басу қаупі жоқ. РФ Орынбор об­лысының Орск қаласында болған жағ­дай мен Батыс Қазақстан облысы аума­ғын­дағы Жайық өзеніндегі су деңгейінің кө­терілуі бақылауымызда», – деді спи­кер.