Қазіргі уақытта Бас мүфти тасқыннан зардап шеккен Жылыой ауданына аттанды.
Бас мүфти Атырауға келіп, еріктілермен кездесті
974
оқылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырауға жұмыс сапары кезінде еріктілермен кездесіп, алғысын айтты.

Еріктілерге батасын берген Бас мүфти ел мен жердің баршамызға аманат екенін атап өтті.                                                                                                                          

"Ез мүддесін өз мүддесінен жоғары қоя білген адам ғана нағыз ерікті бола алады. Шынайы ниетпен ортақ мүдде жолында қызмет етіп жатқан әрқайсыңызға риясыз ниетпен алғысымды білдіремін", – деген Бас мүфти Жайық өзенінің жағасын бекіту жұмыстарына атсалысты. 

Қазіргі уақытта Бас мүфти тасқыннан зардап шеккен Жылыой ауданына аттанды. Айта кетсек, ҚМДБ-ның еліміз бойынша 1200 еріктісі халықпен бірге ортақ мүдде жолында еңбек етіп жатыр. Бұған дейін ҚМДБ атынан Атырауға гуманитарлық көмек жеткен болатын. 

Баян ЖАНҰЗАҚОВА