Келіссөздер барысында сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қазақстан мен Беларусь Сыртқы істер министрлері ынтымақтастықты дамытуды талқылады
Фото: ҚР Сыртқы істер министрлігі
1,940
оқылды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысу үшін Минскке жұмыс сапары барысында Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрі Сергей Алейникпен келіссөздер жүргізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, ҚР СІМ басшысының 2023 жылғы маусымда Минскіге ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысы қаралды.

Келіссөздер барысында сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Машина жасау, құрылыс және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру барысы қаралды.