Төреғали Төреәлінің үлкен қарындасы әлеуметтік желіде өз атын пайдаланатын алаяқтар барын айтты.
"Бұл нәрсе ауыр болып қайтады": Фариза Төреәлі өз атын пайдаланатын алаяқтардың бар екенін ескертті
Фото: Instagram/farizatoreali
1,024
оқылды

Төреғали Төреәлінің үлкен қарындасы әлеуметтік желіде өз атын пайдаланатын алаяқтар барын айтты. Бұл жайлы Фариза Төреәлі Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Бұл – алаяқтар. Менің атымды жамылып, ақша тауып жүр. Ар, ұят, намыс дегеннен безген адамдардың ісі. Алдап тапқан ақшаның не берекесін күтеді? Бұл нәрсе ауыр болып қайтады. Алла жазасын береді. Алданып, ақша жібермеңіздер. Мен курста ғана сыйлықтар жасаймын. Өзімнің ресми парақшамнан жазамын. Видеомен хабарласып, жеңімпаздан бір тиын алмаймын", – деп жазды Фариза Төреәлі.