Өңірдің ТЖД қызметкерлері Орал қаласында авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға қатысады.
Түркістан облысының құтқарушылары Батыс Қазақстан облысына аттанды
Фото: Видеодан кадр/ТЖМ
2,088
оқылды

Түркістан облысынан құтқарушылар тобы Батыс Қазақстан облысына аттанды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өңірдің ТЖД қызметкерлері Орал қаласында авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға қатысады. Сонымен қатар Түркістан облысынан Батыс Қазақстан облысына дәрігерлер, психологтар және ауыр техникалар жіберілді.

Бұған дейін Жайық-Каспий каналының сағасында  тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатқанын жазған болатынбыз.