БҚО-да төтенше жағдай жарияланып, қиындық туған сәтте ал­ғаш болып қол ұшын созған қырғыз бауырларымыз болды. Күні ке­ше ғана Орал қаласына қырғыз елінен гуманитарлық кө­мек келіп жет­ті.
Ағайынның көмегі жетті
652
оқылды

Тұратын үй-жайы суға кетіп, дүниесі жарамсыз бо­лып қалған Ақ­жайық атырабындағы ағайынға бұл көмек үлкен де­меу болды. Бұл жерде мәселе киім-кешек пен тамақта емес, мә­селе бауырлас ағайынның кең пейілінде, тар жол, тайғақ ке­шуде қол ұшын соза біл­ген бауырластығында жатыр. «Қырғыз-қа­зақ бір туған» дегенді сірә текке айтпаса керек...

Бауырлас ел аманатын Оралға жет­кізген Қырғыз Республикасы тө­тенше жағдай министрлігінің под­­полковнигі Замирбек Нар­чаев­тың айтуынша, қазақ еліндегі су тасқынына келген қиындықты ес­тіген бойда қырғыз елі аз ғана уа­қыт ішінде осы гуманитарлық кө­мекті жинап үлгерген. 

– Президентіміздің тап­сыр­ма­сы бойынша Қырғызстан елі­нен Қазақстанға азық-түлік, тө­сек-көрпе, кереует, сусын, тұр­­­­­мысқа қа­жетті заттар жет­кіздік. Қазақ-қыр­ғыз бір туған. Қиын жағдайға тап болған қазақ жұртына жалпы 300  тоннадан астам гуманитарлық кө­мек жіберілді. Батыс Қазақ­стан­ға 80 тоннасы бөлінді, – деді ба­тыс жұрты алдында сөз алған Қыр­ғыз Республикасы төтенше жағ­дай министрлігінің өкілі За­мир­бек Нарчаев.

Қырғызстаннан келген гу­ма­нитарлық көмекті оралдықтар қуа­на қарсы алды. Бауырлас ағ­айын­­ның пейіліне алғыс білдірді. 

– Біздің елде болып жатқан осы бір қиын күндері алғаш бо­лып гуманитарлық көмекті біздің қырғыз бауырлар беріп отыр. Ол бүгін, міне  елге аман-есен жетті. Қиын кезде қол ұшын созған ағайынның бұл жақсылығын қа­зақ елі еш уақытта ұмытпайды. Ға­­сырлар бойғы екі ел арасын­да­ғы бауырластық нығая түсті деп са­наймын. Алты Алаштың ұл­дары бауырластығын әлемге тағы бір мәрте паш етті. Тіліміз бір, ді­­­­­ліміз бір, дініміз бір қырғыз ағайын­ға қазақ елі атынан айтар ал­ғысымыз шексіз, – деді БҚО әкі­мінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.  

Одан соң Бақытжан Хаберұлы қыр­ғыз көшін бастап келген За­мир­бек Нарчаевқа «Қырғыз еліне Ба­тыс Қазақстан халқының аты­нан мың алғыс» деген жазуы бар домбыраны сыйға тартты.

Сын сағатта қолдауын білдір­ген көрші ел жүгін жеткізген аза­мат­тарға  Парламент Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан да ел ал­ғы­сын жеткізіп, қазақ елінің ри­за­шылығын білдірді.

– «Ағайынның қамқорлығын ба­сыңа іс түскенде білерсің» дей­ді. Орал қаласы мен Қырғыз­стан­ның арасы үш мың шақырымды құрай­ды. Осы үш мың шақырым жолды жүріп, үлкен төрт жүк кө­лі­гі тола гуманитарлық көмек ке­ліп жетті. Бұл жерде баса айта ке­тетін жайт бар. Бұл – Қазақ­стан­ға шетелден келген алғашқы кө­мек. Біздің елге алғаш болып қол ұшын созып, азаматтық та­ны­тып жатқан қырғыз бауырлар еке­нін  ұмытпауымыз керек, – деді  Абзал Құспан. 

Одан соң ақсақал Қанат Ораз­ға­лиев көмекті жеткізген жан­дар­ға ақ батасын берді.

Жалпы, өңірде су тасқыны бас­­­талғалы ел ішінде Батысқа кө­мек қолын созып жатқандар бар­шы­лық. Әсіресе, кәсіпкерлер ле­гі қол­дан келер көмекті аямай жа­тыр. Сондай гуманитарлық кө­­мек­тің бірі Алматыдан келіп қуант­­ты. 

Елге қол ұшын беруді ұйғар­ған Жетісудағы ағайынды бір­лік­ке шақырып, Жайық жұртын қол­дау ісін Алматы облыстық жас­тармен жұмыс жөніндегі ре­сурс­тық орталығы бастаған. Олар «Күшіміз – бірлікте» волонтерлер шта­бының жұмысын ұйым­дас­ты­рып, елден жылу жинаған.  Көп ұза­май жастардың бастамасына  «AMANAT» партиясының фи­лиа­лы, кәсіпкерлер, атқарушы би­лік өкілдері, ассамблея жас­та­ры, ардагерлер, аналар кеңестері қол­дай кеткен. Бұл ақпаратты Жетісу жұртының аманатын елге жет­кізген Алматы облыстық жас­тармен жұмыс жөніндегі ресурс­тық орталығының ұйымдастыру бө­лімінің басшысы Еламан Тө­леп­берген айтты.

– Жайық жұртына ең қажетті де­ген азық-түлік, төсек-орын, дә­рі-дәрмек, гигиеналық заттар мен киім-кешек жинадық. Бұл игі іске 300-ден астам волонтер қа­тысты. Жалпы, 137 тонна гума­ни­тарлық көмек жиналды, – деді Ела­ман Төлепберген.

Айта кетейік, БҚО-да жағдай әлі де күрделі болып қалып отыр. Бү­гінде облыс аумағында 18 уа­қыт­ша орналастыру пункті жұ­мыс іс­теп тұр. Ол жерде  1 654 адам тұ­рып жатыр. Бүгінде сая­жай­­лар­дағы 735 үй суға кетіп отыр. 

Аумақтық санитарлық-эпи­демиологиялық бақылау бас­қар­ма­сының мамандары ол орын­дар­да тәулік бойы кезекшілік жүр­гізуде. Кезекшілік кезінде су бас­қан жерлерден эвакуация­лан­ған халықты тамақтандыруға жә­не олар үшін жайлылықты ұйым­­дастыруға ерекше назар ау­да­рылған. Уақытша орналастыру пунк­т­терін тазалау, дезинфек­ция­лау және желдету жұмыстары­ның уақытылы жүргізілуі қатаң бақылауға алынған.

Қазір Оралда су тасқынының екін­ші кезеңіне дайындық жүріп жа­тыр. Бұған дейін еріген қар суы­мен күрессе, енді бірер күнде Жайық көтеріліп, Орал қала­сы­ның өзіне қауіп төндіруі мүмкін. Се­бебі Ресейден келетін судың кө­лемі артып кеткен. Көршілес Орын­бор облысына қарасты Орск қаласында су бөгетті жарып жі­берген. Қазір сол жақтан келе­тін су нөпіріне тосқауыл болу үшін қалада барлық күштік құ­ры­лым тәулік бойына жұмыс істеп жатыр.

Жанат ҚАЙЫРҒОЖИНА,

Батыс Қазақстан облысы