Polisia.kz мәліметінше, Речпорт аймағында күзетші болып жұмыс істейтін 64 жастағы қала тұрғыны су құрсауында қалып қойды.
Петропавлда полицейлер су тасқыны аймағында қалған қарт күзетшіні құтқарды
715
оқылды

Күзет агенттігінің директоры қызметкерді эвакуациялауға үлгермей қалды, – деп жазады Aikyn.kz. 

Содан кейін ол айналма жолда кезекшілік атқарып тұрған полицей Константин Сычевке жүгінді. Ол болған оқиға туралы ақпаратты Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиевке баяндап берді.

Полиция қызметкерлері Азат Исаев пен Нұрлан Көкабаев қайықпен күзетші құтқаруды күтіп тұрған қақпаға жүзіп, оны жағаға аман-есен жеткізді. Операция шамамен 8 минутқа созылды.