Оны экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.
Алматы әуежайында мемлекетаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды
1,788
оқылды

11 сәуірде Внуково-Алматы бағытындағы рейсі ұшып келгеннен кейін көлік полицейлері ҰҚК шекара қызметі мамандарымен бірлесіп, Ресей Федерациясының 32 жастағы азаматын ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Анықталғандай, ер адамға 2023 жылдың қыркүйегінде Тәжікстан Республикасының азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды қарулы құрамдарға, қарулы қақтығыстарға немесе басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдарға заңсыз тартқаны және қатысқаны үшін мемлекетаралық іздеу жарияланған.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат УҰИ-ға қамалды. Оны экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.