Танымал әнші Балжан Бидаш әлеуметтік желіде тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбында видео жариялады.
Салтанат үшін: Балжан Бидаш нағыз бақыттың ережесін айтты
5,959
оқылды

"Отбасы құру – бақыт, бірақ оны шаттыққа толтыру – нағыз бақыт! Алақанда аялайтын, шынымен бағалайтын, ашуланып қарамайтын жар бұйырсын, құрбым", – деп жазылған онда.

Желі қолданушылары мұның әншінің жеке өміріне қатысы жоқ екенін жазып жатыр. Әнші де "Салтанат үшін" хештегін көрсеткен. Бұл отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы үн қату мақсатында түсіріліп жатқан видеолардың бірі екен. 

Айта кетейік, әнші Балжан Бидаш біраз уақыт бұрын актер, әзілкеш Жахан Отарғалиевпен ажырасып, өнерлі жұп екіге кеткен еді.