13 сәуірде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астанада Қарулы Күштердің подполковнигі ұсталғаны туралы хабарлады.
Қорғаныс министрлігінің подполковнигі кәмелетке толмағандарға азғындық жасаған
4,300
оқылды

Ол кәмелетке толмағандарға зорлық жасады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев  Zakon.kz сайтына подполковникке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 2-бөлігі "Жас балаларды азғындық жолға түсіру" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 124-бабының 2-бөлігінде ата-анасының немесе басқа да қамқоршысының кәмелетке толмаған адамға қатысты дәл сол әрекеті (кәмелетке толмағандарды азғындық жолға түсіру) жасауы көзделген.

Аталған жайт ҚР ІІМ Облыстық әскери тергеу басқармасына тіркелді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.