Жапониядағы ұлттық гериатрия және геронтология орталығының қызметкері Шу Чжан мидың жұмысына жақсы өнімді атады.
Мидың жұмысын жақсартуға арналған қандай өнімдер бар?
3,985
оқылды

Невропатологтар Жерорта теңізі диетасы мидың жұмысына оң ықпал ететінін айтады. Алайда Чжан жапониялықтардың рационы да денсаулықты нығайтуға көмектесетінін анықтапты. Зерттеушілер күріш, балық, балдыр және ашытылған бұршақтар ми жұмысына әсер ететінін дәлелдеген, деп жазады Aikyn.kz.

"Дәстүрлі жапон диетасын ұстану еуропалық тамақтану стилін ұстанудан гөрі миға пайдалы болуы мүмкін. Батыс рационына тазартылған көмірсулар, майлы тағамдар кіреді", - деп хабарлады Чжанның сөзін  Massaget.kz.

Чжан жүргізген зерттеуге 40 пен 89 жас аралығындағы 1636 жапониялық қатысқан. 589 адам дәстүрлі жапон тағамдарын, келесі бір топ дәстүрлі еуропалық тағамдарды тұтынған.

Екі жыл бойы дәрігерлер экспериментке қатысушылардың миының атрофиясын зерттеді. Нәтиже зерттеу авторларын таңғалдырыпты: дәстүрлі жапон диетасын ұстанған әйелдерде батыс тамақтану жүйесін ұстанатындармен салыстырғанда ми атрофиясы аз болған.