Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, мәйіт тасқын судың астында жатқан.
Құлсарыда жоғалып кеткен екінші адамның мәйіті табылды
727
оқылды

Бүгін Құлсарыда жоғалып кеткен екінші адамның, яғни 24 жасар жігіттің мәйіті табылды, – деп жазады Aikyn.kz.

«Бүгін, 14 сәуірде сағат 13:40-та 2000 жылғы ер адамның мүрдесі тұрғын үйінен 1 шақырым қашықтықтан табылды. Мүрде тасқын судың астында 1,5 метр тереңдіктен табылды», – деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобы. 

Айта кетейік, бүгін таңертең 6 сәуірде жоғалып кеткен ер адамның денесі табылған болатын. Түстен кейін баласының мүрдесі табылып отыр.