Полицейлер былтыр 13 маусымда Жайық өзеніне батып кеткен жасөспірімнің мүрдесі болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығармайды.
«Жасөспірімдікі болуы мүмкін»: Жайық өзенінен ер адамның денесі табылды
Фото: zhaikpress.kz
832
оқылды

Атырау қаласында Жайық өзенінің жағасынан ер адамның мүрдесі табылды. Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгін табылған мүрденің жеке басы анықталмаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz  Kazinform-ға сілтеме жасап.

«Бүгін, 14 сәуірде сағат 18:10 шамасында Жайық өзенінің «Атырау» ықшамауданындағы жағасынан белгісіз ер адамның мүрдесі табылды. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Полицейлер былтыр 13 маусымда Жайық өзеніне батып кеткен жасөспірімнің мүрдесі болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығармайды. Сол кезде сүңгуірлер 2008 жылғы жасөспірімді бір айдан астам уақыт іздеп, таба алмаған еді.