Әлеуметтік желіде қайтыс болған баланың әпкесінің хабарламасы пайда болды.
Ақтөбеде 8-сынып оқушысы қайтыс болды: полиция күдіктіні ұстады
Фото: pexels.com
2,439
оқылды

Полицейлер Ақтөбедегі мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-колледжінде 14 жастағы оқушының өліміне қатысы бар күдіктіні ұстады. Бұл туралы «Мой город» жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

11 сәуір күні Бексұлтан есімді 8-сынып оқушысы құлап, есінен танып, жедел жәрдем көлігінде көз жұмған болатын. Қазір полицейлер денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Кейінірек әлеуметтік желіде қайтыс болған баланың әпкесінің хабарламасы пайда болды. Ол мектеп әкімшілігі баланың неден қайтыс болғаны туралы жалған ақпарат таратқанын айтты. Айтуынша, бала жоғары сынып оқушыларының соққысынан көз жұмған.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті оқиғаға қатысы бар күдіктіні анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алғанын хабарлады.