Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тергеулер жүргізілуде.
Шекараны кесіп өтпек болған 17 шетелдік ұсталды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
3,728
оқылды

28 наурыз бен 10 сәуір аралығында Жамбыл облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту әрекеті барысында белгіленген өткізу пункттерін айналып өту кезінде 17 шетел азаматын ұстады, - деп хабарлайды Aikyn.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл адамдардың заңсыз әрекеттері олардың шекарадан өту құқығына шектеу қойылуымен байланысты.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тергеулер жүргізілуде.

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік шекараны және оның режимін бұзу қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.