Тараптар өңірлік тұрақтылық және қауіпсіздік мәселелеріне айрықша назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрімен шағын құрамда келіссөз жүргізді
1,085
оқылды

Ереванға ресми сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян шағын құрамда келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ресми сапарына ерекше мән беретінін және оны екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың маңызды кезеңіне жол ашатынын атап өтті.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы байланыстардың барлық бағыты бойынша ынтымақтастықты арттыру үшін мол әлеует бар екенін айтты. 

Өз кезегінде Никол Пашинян өзара байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, армян-қазақ қатынастарын жаңа деңгейге көтеру үшін бірлесе әрекет етуге дайын екенін мәлімдеді.

Келіссөз барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, инвестициялық, өңірлік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Тараптар өңірлік тұрақтылық және қауіпсіздік мәселелеріне айрықша назар аударды.

Шағын форматта өткен келіссөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян Қазақстан мен Армения арасындағы көп қырлы байланыстарды одан әрі нығайтуға бейілді екенін растады.