Әкесі баласын соңғы рет жұмысқа кетіп бара жатқанда көрген. Бала үйде ұйықтап жатқан.
Оралда 9-сынып оқушысы сарайда асылып қалған күйінде табылды
Фото: polisia.kz
1,134
оқылды

Оралда оқушы бала асылып қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz  «Мой город» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

9-сыныпта оқыған жасөспірімнің денесі шаруашылық құрылыс алаңынан табылды.

Әкесі баласын соңғы рет жұмысқа кетіп бара жатқанда көрген. Бала үйде ұйықтап жатқан.

«Ол үйдегі екінші бала. Ұлым қағілез, ақкөңіл, жайдары мінезді еді. Жақсы оқыды, достары көп болды. Ортасының «гүлі» болды. Көршінің балаларымен араласатын, кәдімгі жеткіншектер сияқты сыныптастарымен, құрдастарымен араласты. Тәртіпті, ашық еді. Спортпен шұғылданды. Оны анасы сарайдан тауып алған, мен оның өзін өлтіргеніне сенбеймін», – дейді қаза тапқан баланың әкесі.

Қазір полиция оқушының өлімі бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.