Журналист Гүлмира Әбіқайдың жазуынша, 24 жасында өлім құшқан Асылжанның бүгін үйлену тойы болуы керек еді.
"Жаназасы емес, тойы өтуі керек еді": Құлсарыда суға кеткен әке мен баланы жақындары жер қойнына тапсырды
5,752
оқылды

Құлсарыда су тасқыны кезінде қаза тапқан екі адам, яғни, әкесі Болатбек Нұржауов пен ұлы Асылжан Нұржауов бүгін жерленді. Бұл туралы әлеуметтік желіде журналист Гүлмира Әбіқай жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Журналист Гүлмира Әбіқайдың жазуынша, 24 жасында өлім құшқан Асылжанның бүгін үйлену тойы болуы керек еді. Журналист бір отбасынан екі адамның бірдей қаза табуына жергілікті төтенше жағдайлар қызметінің селқостығы себеп болды деп есептейді. 

«Жауапсыздықтан, іздеу-құтқару шараларына салғырт қарағандықтан, 2 адам бақи дүниеге кетті..."ТЖМ-да не қайық, рация, су плащь, не комбинезон, фонарик, т.б. ең қажет заттың бәрі жоқ" деп жылаған әулетке көмекке осы заттардың бәрін Алматыдан арқалап келіп едім… Өкінішке қарай, бүгін бұл құралдардың бәрі керек емес болып қалды. Кеш қалдық…», – деп жазды ол.

Айта кетсек, 6 сәуір күні Жылыой ауданы Құлсары қаласында 1976 жылы туған әкесі мен 2000 жылы туған баласы су басқан үйін көруге кеткен, содан оралмаған. Олардың денесі 8 күн өткеннен кейін табылды.