Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың тө­рағалығымен палата бюросының оты­рысы өтті. Онда депутаттар осы аптаға жос­пар­ланған іс-шараларды пысықтап, 18 сәуір күні өтетін Сенат отырысының күн тәр­тібін бекітті.
Сенат Спикерінің тө­рағалығымен палата бюросының оты­рысы өтті
763
оқылды

Соған сәйкес, палатаның алдағы отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі сала­ларын­дағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң екінші оқылымда қаралады. Депутаттар бастамашы болған бұл құжат халықтың көші-қоны және қыл­мыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетіл­діруді көздейді. Бұған дейін айтылғандай, заңда өңірлерге қоныс аударушылар үшін жағдай жа­сауға, «қандас» мәртебесін беру рәсімін жетіл­діруге арналған өзгерістер және тағы басқа түзе­тулер бар.

Сонымен қатар сенаторлар палата отырысында «ҚР Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк та­­сы­малдары туралы келісімді ратификациялау ту­­ралы» заңды қарайды. Келісім көліктің әртүрлі түр­­­­лерін пайдалана отырып, халықаралық жүк та­сы­­­­малдарын жеңілдетуге, сондай-ақ Қазақстан мен Түркия арасындағы көлік-транзиттік әле­ует­ті және сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға ба­ғытталған.

Алдағы бейсенбіде депутаттар «ҚР кейбір заң­намалық актілеріне ғылым және білім беру мәсе­ле­лері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту­ралы» заңды да қарайды. Аталған заң ғалымдар үшін әлеуметтік кепілдіктерді жақсартуға және ғы­лым­дағы қаржылық ресурстарды пайда­лануды оң­­­тайландыруға арналған.