Мәжіліс депутаттарының елі­міз­дің су басқан өңірлеріне са­пары жалғасуда. Кеше Еділ Жаң­быршин, Абзал Құспан, Ринат Заи­тов, Мақсат Толықбай және Нар­тай Сәрсенғалиев Атырау қа­ла­сында, Махамбет ауданы мен Құлсары қаласында болды.
Депутаттар су басқан өңірлерде жүр
652
оқылды

Сапар барысында мәжілісмендер Аты­рау облысында су тасқынын алдын алу­­ға атсалысып, су басқан елді мекен­дер­­дің тұрғындармен кездесіп, зардап шек­кен аудандар мен ауылдарды ара­лады.

Жайық өзенінен сақтанып, бөгет са­лып жатқан Алмалы ауылының тұр­ғын­дарымен кездесуде Нартай Сәр­сен­ғалиев басты мақсат елді мекендерді тас­қын судан аман алып қалу екеніне ерек­ше назар аударды.  

– Жайық өзені күніне 20 санти­метр­ге көтеріліп жатыр. Қазір мұнда Ал­малыны аралға айналдырып бөгет­пен қоршауда. Судың қатты соққаны сонша, тұтас тас қабырғаларды опырып тастауда. Махамбет ауданына да ат басын тіредік. Жайық алдымен осында соғады. Махамбет ауданында жалпы 21 елді мекен бар екен. Соның ішіндегі 17 ауыл Жайықтың тура жанында тұр, – деді Нартай Сәрсенғалиев.  

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Атыраудың біраз бөлігін сақтап қалуға мүмкіндік бар екенін айтып,  Ресейден үлкен нөпірмен су келе жатқанына алаңдаушылық білдірді.

– Батыс Қазақстан облысына да қиын болайын деп тұр. Ешкімге оңай емес. Қазір Атырауды айналдыра қор­шайтын 21 шақырым дамба салынып жа­т­ыр. Уақыт аз. Оған қоса Жайық өзе­ні Атыраудың ішімен ағып өтеді. Кә­сіпкерлер де қол ұшын созып, тех­ни­касына дейін беріп жатыр. Әске­ри­лер жұмылдырылды. Өз қалтасынан ақ­ша шығарған әріптес депутаттарға, күн-түн демей көмек қолын созып жат­қан Атырау, Алмалы, Исатай, Махамбет жә­не тағы басқа ауыл тұрғындарына ал­­­ғысымыз шексіз. «AMANAT» пар­тия­сының да ұйымдастыруымен азық-тү­лік, қап, қосымша жұмыс күші, тех-­н­и­ка келіп жатыр, – деді Мақсат Толық­бай.

Құлсары қаласының тұрғын­дары­мен кездесуде Еділ Жаңбыршин жалған ақпаратқа ермей, бұл қиын жағдайдан бірігіп шығу керегіне баса мән берді.

Сонымен қатар депутаттар су бас­қан бірнеше шағынаудандарды аралап, жұрттың талап-тілегін Атырау облысы­ның әкіміне жеткізді. 

– Арнайы комиссия жергілікті бел­сен­ділерді кіргізіп, сапалы жұмыс ат­қаруы керек.  Комиссия тұрғын үйлерді су кеткеннен кейін емес, қазіргі жағ­дайын ескеріп  бағалауға тиіс, – деді Еділ Жаңбыршин. 

Айта кету керек, табиғи апат сал­дарынан Құлсарыда 2 400 үй су астында қалған, оның 200-ден астамы құлаған. Бүгінгі күні қалада судың деңгейі 60 сан­­­­тиметрге дейін төмендеген. Қазір қа­лада су басқан үйлерді құрғату жұ­мыс­тары жүріп жатыр. Оған арнайы 58 бір­лік техника және 50 адам жұмыл­дырылған. Бүгінгі күнге дейін 7 800 тек­ше метр су шығарылған.

Бүгін депутаттардың сапары Батыс Қазақстан облысында жалғасып жатыр.

 Берік БЕК