Қабылданған заңның басты міндеті – ба­лалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мә­селелері бойынша мемлекеттік саясаттың құ­­­қықтық, экономика­лық, әлеуметтік және ұйым­дастырушылық негіз­дерін жетілдіру, әйел­дер мен балаларға қатысты қылмыс­тардың алдын алу және жолын кесу.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық азаяды деп сенеміз
1,006
оқылды

Негізгі заң арқылы 15 заңнамаға, оның ішін­де жеті кодекс пен сегіз заңға өзгерістер мен толық­тырулар енгізіліп жатыр. Ілеспе заң Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізуді қарастырды. 

Президент қабылдаған отбасылық-тұр­мыс­тық зорлық-зомбылық туралы заң, шын мә­нінде, мемлекеттің теңдік пен заң үс­тем­дігі қағи­дат­тарына басымдық беретінін, құ­­қықбұзу­шылыққа мүлдем төзбеушілікті қа­­лыптас­тыратынын көр­сетеді. Отба­сы­лық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көр­сеткені үшін жазалау шараларын күшей­теді.

Атап айтқанда, қазір денсаулыққа қа­са­қана орташа және ауыр зиян келтіргені үшін тек 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарас­тырылған. Ал бұрын айыпталушы бос­тандықты шектеуі мүмкін еді. Денсау­лық­қа жеңіл зиян келтіру туралы бап та қатаң­датылды: 200 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу көз­деледі.

Сонымен қатар қазір бұл қылмыс үшін әкім­­шілік емес, қылмыстық жауапкершілік қа­рас­тырылған. Осы қылмыс ауырлататын мән-жайлар болған кезде 1 000 АЕК-ке дейін айыппұл салуды не 2 жылға дейін бас бос­тандығынан айыру­ды немесе шектеуді көз­дейді. Сондай-ақ қылмыстық құқық­бұзу­­­шылық ретінде қайта біліктілігі бар ұрып-соғу үшін 80 АЕК-ке дейін айыппұл не­месе 25 тәулікке дейін қамауға алу түрін­дегі жаза көзделген. Ауырлататын жағдай­ларда ұрып-соғу 200 АЕК-ке дейін айыппұл салуға не 50 тәулікке дейін қамауға алуға әкеп соғады.

Сонымен қатар азаптау үшін жауапкер­ші­лік күшейтілді. Енді 2 жылдан 3 жылға дейін, ауыр­ла­татын жағдайларда 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделуде. Осылайша, тіпті ең аз соққылар да әсерлі айыппұлдарды не­месе ұзақ мер­зімге қамауға алуды қамтиды. Бұл әлеуетті зорлаушыларды әйелдері мен жа­қын­дарына қатысты агрессиясын айтарлықтай тежейді.

Балаларға қарсы зорлық-зомбылықтың кез келген түрін көрсету жауапкершілігі едә­уір кү­шей­тілді. Қылмыстық кодексте кә­­­­мелетке тол­мағандарға қарсы денсау­лық­қа зиян келтіруден бастап ұрлау мен өл­тіру­ге дейінгі қылмыстардың тізбесі жүйеленген және нақты анықталған. 

Мұндай әрекеттерді жасаған адамдар та­ту­ласуға байланысты қылмыстық жауап­ты­лықтан босатыла алмайды. Кәмелетке толмағандарды өлтіргені, зорлағаны, кә­ме­летке толмағандарға қатысты жыныстық си­паттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін өмір бойына бас бостандығынан айы­ру түріндегі ең ауыр жаза қарастырылған.

Балаларды ұрлағаны үшін бұдан былай 10 жыл­дан 15 жылға дейін (бұрын 7 жылдан 12 жыл­ға дейін), ал заңсыз бас бостан­ды­ғынан айыру үшін – 5 жылдан 10 жылған дейін (бұрын 5 жылға дейін) бас бостан­ды­ғы­нан айыру қарас­тырылған. Алғаш рет 16 жас­қа толмаған адамдарға жыныс­тық си­пат­тағы зорлық-зомбылық жаса­ғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Осы нор­­малар қабылданғанға дейін мұндай жауап­кер­шілік 14 жасқа толмағандарға тиіс­кені үшін ғана қарастырылған. Ол үшін 200 АЕК-ке дейін айып­пұл, түзету жұмыстары не­месе 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс­тар не 50 тәулікке дейін қамауға алу көздел­ген. 

Сонымен қатар айыпталушы белгілі бір лауа­зымдарды атқару және 3 жылға дейін белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылуы мүмкін. Балаларды ұрлағаны үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бос­тан­дығынан айыру (бұрын 7 жыл­дан 12 жылға дейін), ал заңсыз бас бостан­дығынан айыру үшін – 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостан­дығынан айыру (бұрын 5 жылға дейін) көзделген.

Жаңа заң сонымен қатар суицид жағдай­ларын азайтуға бағытталған.

Егер бұрын тек өз-өзіне қол жұмсауға итер­­ме­легені үшін қылмыстық жауапкер­ші­лік көзделген болса, енді өзін-өзі өлтіруге итермелеу және жәрдемдесу үшін жауап­кер­шілік қарастырылады. 

Кәмелетке толмағандарға қатысты мұн­дай әрекеттер 5 жылдан 9 жылға дейін бас бос­тан­дығы­нан айыруға әкеп соғады. Осы­лай­ша, бұл шаралар суицидтің алдын алуды да, кінәлілердің жауапкершілігін де күшей­теді.

Жаңа заң педофилдер мен балаларды өл­тіру фактісі бойынша өмір бойына бас бос­тандығынан айыру түріндегі ең ауыр жа­заны қарастырады. Бұл жағдайда кез кел­ген балама алынып таста­лады. Осылайша, қо­ғамда мұндай адамдарға мүл­дем төз­беушілік қалыптасады.

Үнзила ШАПАҚ,

Мәжіліс депутаты