Аталған жағдай сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдік түрлерімен заңсыз айналысу фактісі бойынша полиция бөлімінде тіркелді.
Түркістан облысында қызғалдақты жұлған 22 жастағы қыз жауапқа тартылады
Фото: Түркістан облысы ПД
9,529
оқылды

Түркістан облысында қызғалдақты жұлып, суретке түскен 22 жастағы қыз жауапқа тартылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Полиция қызметкерлері «грейг» қызғалдақтарын жұлған ордабасылық тұрғынды әлеуметтік желілер арқылы анықтады. Ол Ұялыжар ауылдық округіндегі алқапта Қызыл кітапқа енген гүлдерді жұлып, бейнежазба түсіріп, желідегі парақшасына жүктеген.

Аталған жағдай сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдік түрлерімен заңсыз айналысу фактісі бойынша полиция бөлімінде тіркелді. Қазір барлық жағдай анықталып жатыр. 

«Түркістан облысының полициясы «Грейг» қызғалдақтарын тамашалауға келген тұрғындар мен қонақтарға қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жұлғаны үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын еске салады», – делінген Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарламасында.