«AMANAT» партиясының жанынан құрылған өңірлік штабтар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.
«Жастар рухы»: Ақмола облысында 500-ге жуық волонтер көмек көрсетіп жатыр
1,050
оқылды

Ақмола облысында «AMANAT» партиясы «Жастар рухы» Жастар қанатының волонтерлері жергілікті билік органдарымен бірге су тасқынына қарсы атқарылып жатқан жұмыстарға атсалысуда. 

Өңірде «Жастар рухы» Жастар қанатының 500-ге жуық волонтері табиғи апатпен күрес шараларына өз үлестерін қосып жатыр. Оның ішінде жүзге жуық волонтер Көкшетау қаласының тұрғындарына қолғабыс болуда.

Зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсету үшін «AMANAT» партиясының жанынан құрылған өңірлік штабтар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Облыстық партия жетекшілері, жергілікті аудандық партия өкілдері мен әлеуметтік қызметкерлерден құрылған мобильдік топ тек бір күннің өзінде үйіне су кірген 150-ден астам атбасарлық азаматпен кездесті.

Сонымен қатар Көкшетау қаласындағы «Достық» үйінің жанынан ашылған гуманитарлық көмек жинау орталығында өңірдегі жанашыр азаматтардан азық-түлік, киім-кешек және тұрмысқа қажетті заттар жиналды.

Өз кезегінде «Жастар рухы» Жастар қанатының волонтерлері жиналған гуманитарлық көмекті зардап шеккен тұрғындарға үлестіруде.