Әйел 11 жылдық некеден кейін ажырасуға шешім қабылдап, балаларын алып, Тараздан Алматыға көшіп келген.
Бұрынғы әйелін аяусыз ұрып, телефонын сындырған ер адам қамауға алынды
611
оқылды

Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында ер адам бұрынғы әйелін аяусыз ұрып-соққан болатын. Полиция видео кейіпкері қамауға алынғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Желіде тараған кадрда ер адам әйелдің телефонын сындырып, содан кейін оны ұрады. Жазба авторы жәбірленуші әйелдің есімі Салтанат екенін жазған. Әйел 11 жылдық некеден кейін ажырасуға шешім қабылдап, балаларын алып, Тараздан Алматыға көшіп келген. Алайда автордың айтуынша, қазір бұрынғы күйеуі келіп, оны аңдып, мәжбүрлеп қайтаруға тырысып жатыр.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бұрынғы әйеліне дене жарақатын салған ер адам ұсталған.

"Ұрғаны және бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін ол сот шешімімен 25 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, айыппұл салынды", – деп жауап берді департамент өкілі Massaget.kz-ке.