Бұл Қазақстанның сот жүйесін дамытудағы және оның халықаралық құқықтық қоғамдастыққа интеграциялануындағы жаңа қадам болмақ.
Берлинде Әкімшілік құқық қауымдастығының конференциясы өтті
1,167
оқылды

Берлинде Орталық Азияның құқықтық саласы үшін маңызды оқиға – Әкімшілік құқық қауымдастығының конференциясы өтті.

Қазақстан тарапынан ҚРЖС әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Түкиев, Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі Шәкір Шаяхметов қатысты.

Аслан Түкиев Қазақстанда 2021 жылдың шілдесінен бері жұмыс істеп келе жатқан әкімшілік әділеттің жетістіктерімен бөлісті. Қазақстандық соттар 60 пайыздан астам істерде мемлекеттік органдармен даулар бойынша азаматтар мен кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді.

Ұлттық сот жүйесіне деген сенімнің артуы байқалады, бұл елімізді инвестиция үшін барынша тартымды етеді.

350-ден астам қазақстандық судьяны қайта даярлау бағдарламасына Германия, Әзербайжан, Латвия, Эстония және басқа да елдердің судьяларының қатысуы еліміздегі әкімшілік соттардың қалыптасуында маңызды рөл атқарды. Бұл бағдарлама Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамының (GIZ) қолдауымен ұйымдастырылған.

Конференция аясында Наиль Ахметзакиров Висмар қаласындағы Шығыс құқығы институтында қазақстандық судьяларды оқытуды жалғастыру туралы келісімге қол қойды.

Бұл Қазақстанның сот жүйесін дамытудағы және оның халықаралық құқықтық қоғамдастыққа интеграциялануындағы жаңа қадам болмақ.