Дарынды студенттер байқауда Б. Ақтаевтың «Алаш аманаты» шығармасын орындады.
ЕҰУ студенттік оркестрі Қытайда І орын иеленді
1,171
оқылды

Еуразия ұлттық университетінің «Dala sazy» халық аспаптар оркестрі әлемдік сахналарды бағындыруда. Қазақстандық студенттер Қытайдағы «Шығыс інжу-маржаны» халықаралық фестивалінде «Аспаптық музыкалық ансамбль» номинациясы бойынша 1-орынға ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Халықаралық байқауда Қазақстаннан тек ЕҰУ «Dala sazy» оркестрі ғана өнер көрсетті. Дарынды студенттер Б. Ақтаевтың «Алаш аманаты» шығармасын орындады.

Қазақстандық жастардың шығармашылық қабілеттерін халықаралық фестивальдің қазылар алқасы жоғары бағалады. ЕҰУ студенттері 20 шығармашылық ұжым арасында «Аспаптық музыкалық ансамбль» номинациясы бойынша І орынға иеленді.

Халықаралық фестиваль Бейжің қаласында өтті. Музыкалық сайысқа әртүрлі мемлекеттерден 90-нан астам шығармашылық ұжым қатысты.

Айта кетейік, «Dala sazy» халықтық аспаптар оркестрі ЕҰУ-да 2009 жылы құрылған. Қазір оның құрамында 40 студент бар. 15 жыл ішінде музыкалық ұжым әртүрлі халықаралық байқауларға жоғары деңгейде өнер көрсетіп, еліміздің туын желбіретуде.

Бүгінгі таңда оркестрдің репертуарында 23-тен астам шығарма бар.